рус | қаз 










«Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бөлімнің толық заңды атауы:
«Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 2006 жылғы 2 ақпандағы №119 “Орал қаласының ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы” қаулысына сәйкес - Мемлекеттік мекеме « Орал қаласының жер қатынастары бөлімі » болып аталды.

Мекенжайы:
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1

Бөлім бастығы:
Кушнер Виталий Викторович.

Байланыс телефондары:
50-39-82, 51-24-96 (факс).

«Қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ


Жер учаскелерін бөлу

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайданылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады».
Бүгінгі таңда жеке тұрғын үй құрылысын салуға қажетті жер учаскелерінің жетіспеуі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Жер учаскелерін алуға 40 мыңнан астам азаматтар тіркеуге алынды.
Орал қаласының Бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысын дамыту аумағы Деркөл кенттік ауданында «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС аумағында жоспарланған. Бұл жерлер ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлер болып табылады және аталған жерлерді елді мекендердің жеріне ауыстыру үшін ҚР Үкіметінің қаулысы қажет.
Сондай-ақ, Орал қаласының қала аумағындағы ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді елді мекендердің жеріне ауыстыру қажет.
Аталған бағыттағы жұмыстарға бас жоспарға түзетулер мен толықтырулар енгізу, ТЖЖ жасақтау жұмыстарын жүргізу қажет.
Заңды тұлғаларға жер учаскесін беру келесі тәртіпте жүзеге асырылады: сұралғалы отырған жер учаскесінің сұлбасын «Тұрғын үй Орал» ЖШС-тен алып әкімінің арына арыз жазу қажет (қосымшаға жеке куәлігімен мен СТН көшірмелерін тіркеп). Бұл арыз сәулет және қала құрылысы бөлімінде қаралып жер учаскесін таңдау актісі ресімделіп тиісті уәкілетті және коммуналдық органдармен келісімдерді жинау қажет.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 6-тармағына сәйкес «Өтінуші немесе оның сенім білдірген тұлғасы жер учаскесін бөліп беруге талап етілетін келісімдерді жеке-дара қамтамасыз етеді».
Жерді таңдау актісі ресімделген соң жиналған құжаттар жер комиссиясында қаралады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 2-тармағына сәйкес «жер учаскесін беру туралы шешімдер немесе жер учаскесін беруден бас тарту жергілікті өкілді органның депутаттары. . . . . . . жергілікті атқарушы органдары құратын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады».
Комиссия отырысының оң шешімін тапқан жағдайда жерге орналастыру жобасын жасауға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабының 7-тармағына сәйкес «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның . . . . . . . . жер учаскелеріне тиісті құқықтар табыстау туралы шешімі қабылданады».
Жоғарыда айтылған негізде Орал қаласының жер қатынастары бөлімі жер учаскелеріне құқықты табыстау кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексін қаралған тәртіпке басшылық етеді.

21-«Жер учаскесіне жекеменшік құқығына арналған  актілерді ресімдеу»

22-«Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу»

23-«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу»

24-«Уақытша  өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу»

25-«Жер учаскелері туралы анықтама беру»

қабылданған өтініштер кезегінің тізімін қабылданған өтініштер кезегінің тізімін - 2010

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
толығырақ
Орал қаласы
әкімінің блогы
Қазақстан
Республикасының
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығын
жаңғыртудың 2011 – 2020
жылдарға арналған
бағдарламасы
Кезекте
тұрғандар тізімдері
тұрғын-үйге    жерге
балабақшаға
мемлекеттік бағдарлама бойынша 2008-2010 жылдары пәтер алғандар
 
Ұлттық банктің ресми валюталық бағамдары

29-10-2012
USD—150.56 
EUR—195.86 
RUB—4.82 

Телефондар

сенiм    анықтамалық
Тарифтер

коммуналдық қызметтерге
 Ауа райы


Орал 7 °C