рус | каз 








Орал қаласы - Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өнеркәсіп, тарихи және мәдени  орталығы болып табылады.
Орал қаласының іргетасы 1613 жылы қаланған және жазық далалық Каспий теңізі маңы ойпатының солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Қазақстан Республикасы аумағындағы ұзындығы 1082 шақырымды алып жатырған Жайық өзенінің оң жақ жағасында, Чаған өзенінің төменгі ағысының  сол жақ жағалауында орналасқан.
Орал қаласы ежелден Азиядан Европаға сауда жолын  ашқан қала, бұл жерден  Ұлы Жібек Жолының бір тармағы өткен. Табиғаты далалы және  орманды-далалы болып келеді. Климаты  күрт–континенталды. Жануарлар дүниесі алуан түрлі, өзендерінде балықтары көп. Қала аумағы шамамен 700 шаршы шақырымды алып жатыр. Халық  саны 83 әр-түрлі ұлттар мен ұлыстардан тұратын 251,2 мың адамды құрайды.
Қала аумағында 35 мыңнан астам тұрғындары бар 4 кенттік округ орналасқан. Атап айтқанда, Желаев, Деркөл, Зачаганск және Круглоозерное кенттері. Орал қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық 1747 шақырым.
Қаланың дамуына аса зор  маңызы бар  Орал қаласынан 150 км қашықтықта Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орны ораналасқан.
Орал қаласының келбеті XVIII-XIX  ғасырлардың тарихи ескерткіштерімен ерекшеленеді, атап айтқанда, Е.Пугачевтің үйі, Старый собор, “Христа Спасителя” шіркеуі, атаман, Карев үйі, облыс әкімдігінің ғимараты, қалалық мәдениет және  демалыс саябағы. Сондай-ақ, жаңа шағынаудандар мен биік көп қабатты үйлер, әуежай және теміржол вокзалдары, Абай, Сырым Датұлы, М.Мәметова, В.И.Чапаев, А.С.Пушкинге арналған ескерткіштер, мәңгі алау, “Жеңіс” мемориалы және тағы басқалары қалаға қазіргі заманға сай келбет береді.
Орал өңірі халықтық-азаттық күрестермен байланысты болған. Орал қаласы Степан Разин салған лаңды қозғалысын жақсы біледі. Бұл кең еуразиялық  далада 1773-1775 жылдары Емельян Пугачевтың бастауымен шаруалар соғысы тұтанған. Кейін Сырым Датұлының бастауымен көшпенді қазақтар көтерілді, ол колонияға қарсы сипаттағы  көтеріліс болды. Облыстың ескерткіш орындары мен мұражайлары И.Тайманұлы пен М.Өтемісұлының бастауымен кедей қазақтардың ұлт-азаттық  қозғалысы жөнінде көптеген мәліметтер береді. Қалада  Л.Толстой, А.С.Пушкин, В.А.Жуковский, В.Г.Короленко, В.И.Даль, Ф.И.Шаляпин, С.Сейфуллин, М.А.Шолохов және т.б. ұлы ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлерінің қалаға келулеріне байланысты көптеген ескерткіштер бар. Орал қаласында мысал жазғыш И.А.Крыловтың балалық шағы өткен, сондай-ақ, Т.Г.Шевченко Маңғыстау түбегіне жер аударылған кезінде Орал қаласына соғып өткен. Орал өңірінің тарихында В.И.Чапаевтың, М.В.Фрунзенің, И.С.Кутяковтың М.Дулатовтың, А.Байтұрсыновтың, Г.К.Жуковтың аттары мәңгілік орын алған. Ұлы Отан соғысы жылдары Орал қаласы Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Орталықтан біздің қаламызға 14 қорғаныс кәсіпорындары, 20 әскери госпиталь көшірілген. Орал өңірінде 39 Кеңес Одағының Батыры бар. Біздің атақты жерлесіміз М.Мәметова ең алғашқы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.
Орал өңірінің халық ауыз шығармашылығы халық сазгерлері Дәулеткерей мен Құрманғазының, күйші Дина Нұрпейісова мен басқа  да орындаушылардың дүниелерімен, сонымен қатар Орал казактарының дарынды фольклорымен белгілі.
1833 жылы Орал қаласына А.С.Пушкин келген кезде қазақтың “Қозы-Корпеш және Баян -Сұлу” эпосын жазып алған. Қазақстанның  Заманауи мәдениетін біздің жерлестерімізсіз елестету мүмкін емес.  Олар, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Леонид Макеев пен Хамза Есенжанов, дирижер Шамғон Қажғали, әртіс Хадиша Бөкеева, режиссер Әзербайжан Мәмбетов, Орал қаласы саз училищесінің түлегі Роза Жаманова.

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
толығырақ
Орал қаласы
әкімінің блогы
Қазақстан
Республикасының
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығын
жаңғыртудың 2011 – 2020
жылдарға арналған
бағдарламасы
Кезекте
тұрғандар тізімдері
тұрғын-үйге    жерге
балабақшаға
 
Ұлттық банктің ресми валюталық бағамдары

USD—148.64 
EUR—185.21 
RUB—4.52 
Телефондар

сенiм    анықтамалық
Тарифтер

коммуналдық қызметтерге
 Ауа райы


Орал 23 °C