РУС | қаз 

Орал қаласының құрметті азаматтары

Ақмурзин Сарсен Ақмырзаұлы (1909-1999) – 1909 жылы Жаңақала ауданында дүниеге келген.1926-1930 жылдары ауыл-кеңесінде және аудандық атқару комитетінде жұмыс істеген. Педагогикалық техникум, А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын бітірген. №11 қазақ орта мектебінде директор болып жұмыс істеген. 1938 жылдан бастап 1996 жылға дейін А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, институт проректоры мен ректоры болып жұмыс істеген. Қазақстанның жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, халыққа білім беру ісінің үздігі. Ұлы Отан соғысының ардагері, екінші топтағы мүгедек. ”Құрмет белгісі”, ”Қызыл Ту”, ”І дәрежелі Отан соғысы” ордендерімен марапатталған.

Арыстанғалиев Қайыржан Қайыржанұлы – 1917 жылы 5 мамырда Чапай ауданында дүниеге келген.Көп жылдан бері “Землячка” зауытында жай жұмысшыдан цех шеберіне дейін көтеріліп жұмыс істеген. Оған 1966 жылғы 9 маусымда Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 

Атоян Петр Александрович (1915-2003) - 1915 жылы 23 қазанда Ростов-на-Дону облысының Шахты қаласында дүниеге келген. 1944 жыдан бастап Кеңестер Одағының Коммунистік Партиясының мүшесі болған. 1935 жылы Ленинград қаласының әскери-механикалық техникумын,ал 1940 жылы Ленинград қаласының металлөнеркәсіп институтын бітірген.1935 жылдан 1942 жылдың наурыз айына дейін Орал қаласына көшірілген 686 п/я зауытында жұмыс істеген.Ол әр түлі лауазымдарда: конструктор,технологог,цех бастығы,бас инженер болып жұмыс істеген.1947 жылдан бастап К.Е.Ворошилов атындағы машина жасау заутында директор болған.Ленин атындағы,Октябрь революциясы, ”Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, 1961 жылы С.Сейфуллин атындағы №11 мектепті бітірген. 1961-1966 жылдары Қазақ педагогикалық қыздар институтының филология факультетін бітірген. Облыстық “Орал өңірі” газетінде еңбек жолын бастаған. ”Жұлдыз” (1970) республикалық журналында, ”Қазақ әдебиеті” (1967) баспасында, ”Жазушы” баспада жұмыс істеген. 1967 жылы “Өрімтал” атты бірінші өлең жинағы шыққан, кейін “Наз” (1969), ”Қуанышым іңкәрім” (1971), ”Сені ойлаймын” (1973), ”Аққанат” (1975), ”Бақыт әні” (1978), ”Жайық қызы”, ”Белокрылая” (1981), Ақжелең” (1985), ”Сүмбіле” (1990), ”Ақшағала” (2001) атты кітаптары шыққан. Ақынның “Песня.Мечта.Любовь”, ”Чудесный сад” (1980) өлеңдері орыс тілінде шыққан. ”Советская женщина”, ”Огонек” журналдары премиясының лауреаты.

Бученко Петр Васильевич – Орал және Жамбыл қалаларында шаруашылық және партиялық басқару жұмыстарында жұмыс істеген.1955 жылдан бастап зейнетте, Ардагерлер Кеңесін басқарған.

 

Гора Александр Александрович – еңбек жолын 1944 жылы бастаған. Көп жылдан бері Механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеген. Өз бетінше суретші (облыстық мұражайына 4 сурет сыйлаған, ”Орал өңірі” облыстық газетімен белсенді ынтымақтасты).

 

Ермұқатова Қалида – 1914 жылы Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында дүниеге
келген. 1929 жылдан бастап Орал қаласының ет комбинатында ішек цехында 60 жыл уақыт жұмысшы болған. 1938-1957 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған. Партиялық сайлау және қоғамдық ұйымдар жұмысына қатынасқан.
Үкімет наградаларымен марапатталған: Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісінің» 2 ордені, ерен еңбек үшін медальдар.
Есипенко Илларион Тимофеевич – 1894 жылы дүниеге келген. Социалистік еңбек ері, генерал-майор И.Т.Есипенко қарапайым батырақтан генерал шеніне дейін еңбек жолынан өткен. Ол азаматтық және Ұлы Отан соғысы майдандарында батыл соғысқан. И.Т.Есипенко 1934-1938 жылдары 46-кавалериялық полкінің командирі және комиссары, Орал қаласы гарнизонының бастығы болған. Полкке екі ат зауыты бағынған, ол жерде әскер үшін жылқыларды өсірген. Ұлы Отан соғыс жылдары әскер құрамасын басқарған. 25 орден және медальдармен, соның ішінде 3 Ленин ордені мен 5 Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Жайсаң Ақбай - 1927 жылы 9 мамырда Жымпиты ауылында қазіргі Сырым ауданында Ақбайұлы Досболат деген шаруа отбасында дүниеге келген. Жымпиты ауылының орта мектебін бітіріп, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факультетіне түскен. Өз еңбек жолын 1945 жылы мектепте оқып жүріп аудандық пионер үйінде тәрбиеші ретінде бастаған, институтты бітірген соң Жалпақтал ауылының орта мектебінде мұғалім болып, аудандық халыққа білім беру бөлімінде инспектор, Жалпақтал ауылының орта мектеп директоры болған, насихаттау және үгіттеу бөлімінде меңгеруші, Жалпақтал аудан партия комитетінің екінші секретары, аудандық атқару комитетінің орынбасары болып жұмыс істеген. 1971 жылы маусым айында Батыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды. Осы қызметте 16 жыл бойы жұмыс істеді. 1987 жылдан бастап республикалық маңызы бар зейнеткерлікте. Зейнеткерлік уақытында 1987 жылдан бастап 1994 жылға дейін облыстық қазақ мәдениет қоры бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Жайсаң Ақбай 250 мақала және тарихи-публицистикалық материалдардың авторы, атап айтқанда:”Радуга Ақ Жайық” (Самара қаласында шығарылды), ”Ритмы Ақ Жайық”, ”Нарын-Казахия”,”Жанша”, ”Қазақтар”,”Сырым тағдыры ел тағдыры”, ”Жымбиты ауданы”, ”Алаш-От-АНА”, ”Сырым-Датұлы” (орыс тілінде), ”Хан Жәнгір” және т.б. Жайсаң Ақбай әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстармен айналысады. ”Парасат” қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы, ”Сабақтастар” клубының жетекшісі, Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің профессоры, ”Евразия” институтының құрметті профессоры. Наградалары: ”Халықтар достығы” ордені (1986), ”Құрмет белгісі” ордені (1966), ”Қажырлы еңбегі үшін” (1961 ж.), ”Тың жерлерді игергені үшін”, ”ҰОС Жеңіске 50 жыл”, ”Астана”(1998 ж.), ”Ұлы Отан соғысы” белгісі.
Жақыпов Қабилолла Қабенұлы – 1949 жылы Казталов ауданында дүниеге келген. Мемлекеттік қызметші, техникалық ғылымдар кандидаты. 1972 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын бітірген. Өз еңбек жолын аудандық байланыс торабында электржөндеуші болып бастаған. Аудандық құрылыс кәсіпорнында прораб, бас инженер, ”Уральскколхозстрой” трестінде бас инженер болып жұмыс істеген. 1979 жылдан бастап қалалық және аудандық партиялық ұйымдарда жұмыс істеді. 1991-1992 жылдары Орал қаласының атқару комитетінде,1992-1993 жылдары Орал қаласының әкімі, 1993-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі, 2000 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылымында түрлі жауапты қызметтер атқарды. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған.
Жексенбаев Шәкір (1901-1988) – 1901 жылы 28 ақпанда Орал облысы Орда ауданында дүниеге келген. 1918 жылы өз еркімен алғашқы үлгілі Совет қазақ кавалериялық полкі сапына кірген. Эскадрон бөлімінің командирі. 1920 жылдан бастап Кеңестер Одағының Коммунистік Партиясының мүшесі. 1924 жылы М.В.Фрунзе атындағы әскери академиясын, ал 1932 жылы Мәскеу қаласының әскери-инженерлік академиясын бітірген. Ұлы Отан соғысын инженерлік әскердің генерал-майоры болып аяқтаған. 1945 жылдан бастап 1958 жылға дейін К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясы мен В.А.Куйбышев атындағы әскери-инженерлік академиясында дәріс берген. Ленин орденімен, 4 Қызыл Ту орденімен, Қызыл Ту және І-дәрежелі Ұлы Отан соғысы медальдарымен марапатталған.

Жұбаев Сергей Шұғаұлы - 1939 жылы Астрахан облысы, Володарск ауданының Козлово-Разбугорье ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Саратов қаласының ауылшаруашылығын механизациялау институтына түскен, ол институтты 1962 жылы үздік бітірген. Кейін, Астрахан облысы кеңшарында бас инженер болып жұмыс істеген,1964 жылдан бастап 1967 жылдары аспирантурада оқыды,техникалық ғылым кандидаты диссертациясын сәтті қорғады. С.Ш.Джубаевтың педагогикалық және ғылыми қызметі Батыс Қазақстанда басталды.С.Ш.Джубаев 1967 жылдан бастап 1989 жылға дейін ассистенттен бастап Батыс Қазақстан аграрлы университетінің ректоры болып жұмыс істеген.1989 жылдан бастап және 11 жылдай университетті басқарды. Үкіметтік наградалары бар:

  • “Құрмет белгісі” ордені
  • “Еңбек ардагері” медалі
  • “Заслуженный изобретатель ССР” медалі
  • “Халыққа білім беру еңбегі сіңген қызметкер” құрмет атағы

Профессор,Қазақстан Республикасының табиғи ғылым Академиясының мүшесі,Қазақстан Республикасының инженерлік акдемиясының академиялық кеңесшісі.120 ғылыми жұмыстардың,12 өнертабыс пен патенттердің авторы. Батыс өңірінде жоғары білім беруге және сіңген еңбегіне,кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жоғары білікті мамандар дайындаған үшін “Орал қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.

Иконников Петр Степанович – 1903 жылы Чапаев ауданындағы Мергенево ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Шіркеу-приходской мектебінің 3 сыныбын бітірген. Азамат соғысы кезінде 25-Чапаев дивизиясының 221 полкісінде соғысқан. 1941 жылдан бастап ҰОС аяқталғанға дейін пулеметші ретінде І Украина майданында неміс-фашисттермен соғысқан. Үкімет наградаларымен марапатталған: ”Отан соғысы” ордені, ”ІІІ-дәрежедегі даңқ ордені”, ”Ерлігі үшін” медалі, ”Германияны жеңіп алған үшін” медалі, ”Ұлы Октябрь революциясына 70 жыл” медалі. ҰОС аяқталғаннан кейін барлық жылдары жұмысшы болған.
Ипмағамбетов Әмірғали Меңдігерейұлы – 1903 жылы Орал облысы, Теректі ауданында дүниеге келген. Әкесі революционер болған, 1919 жылы қаза болған. 1919 жылы Орал қаласы комитеті (РКП(б)) жанынан агитатор курсын бітіріп, Орал қаласын ақтардан босатуына қатысқан, кейін ол Совет билігін орнату үшін босаған аудандарға жіберілген. Орал қаласының екі комсомол конференциясының және Қазақстан комсомолының І съезінің делегаты болған. «Лениншіл Жас» газетінің редакторы болған. Партиялық басшылық қызметінде жүріп социализмді орнатуға белсенді қатынасқан.
Қажығалиев Шамғон Сағаддинұлы – Қазақ КСР халық әртісі, Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрінің бас дирижері және көркем жетекшісі. Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрін бір шығармашылық деңгейден екінші деңгейге сенімді алып келе жатырған қазақ музыка өнерін жарқын да талантты өкілі. Оркестрдің гастрольдері біздің елде және шетелде де сәтті өтуде.
КамаловСухан Мақсотұлы –1935 жылы 21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Асан-Құдық ауылында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология бөлімін бітірген. Геологиялық партия коллекторлығынан бастап республикалық геология және жер қайнарын қорғау комитеті төрағасының бірінші орынбасарлығына дейінгі қызмет сатыларынан өтті. 1965 жылдан 1972 жылға дейін Қазақстан Республикасы Геология министрлігінің бас геологы болып қызмет атқарды. Республикамыздың барлық аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жобалаумен және жоспарлаумен айналысты. Сол жылдары қоры аса бай сұйық көмірсутекті Өзен және Жетібай кендері ашылды. Ақтюбе экспедициясының бас геологы ретінде осы кісінің тікелей қатысуымен «Жаңа жол» ірі мұнай кен орнын зерттеліп, ашылды. 1979 жылдан Орал мұнай барлау экспедициясын басқарып, 1985 жылы қайта құрылған мұнай және газ барлау бірлестігінің бас директоры болып тағайындалды. Осы кезеңде бірегей Қарашығанақ газконденсат кені барланды. Камалов Сухан Максотұлы ғылыми еңбектері мен геология саласындағы белсенді қызметі үшін 1994 жылы ҚР Ұлттық академиясының корреспондет-мүшесі болып, ал 1995 жылы ҚР инженерлік акдемиясының толық мүшесі болып (академигі) сайланды. Камалов Сухан Максотұлының еңбегі көптеген Мемлекеттік наградалармен ескерілді. Атап айтқанда: «Октябрь Революциясы», «Құрмет Белгісі» ордендері, көптеген медальдар және дипломдар. 1999 жылы «Парасат» орденімен марапатталып, қалалық мәслихат шешімімен 2001 жылы «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. 2008 жылы «Барс» орденімен марапатталды. Академик Камалов Сухан Максотұлы осы күнге дейін мұнайгаз саласындағы күрделі ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге ат салысып келеді.
Кирсанов Александр Васильевич – 1898 жылы 23 желтоқсанда Қазан қаласында дүниеге келген. 1922 жылдан бастап СҮКП мүшесі.1926 жылы Киев қаласының әскери мектебін бітірген,ал 1949 жылы бас штап Академиясын бітірген.Азаматтық және Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Стрелковая дивизиясының командирі,генерал-майор А.В.Кирсанов Днепрдың өтуінде ерекшеленді. 1943 жылы 28 қыркүйек түніне қарағанда ол басқарған дивизия плацдармды алып және қарсылас фашисттерге төтеп берген.Совет Үкіметінің Батыры А.В.Кирсанов отставкадан кейін 1969 жылдан 1974 жылға дейін Ленин атындағы Белорусь мемлекеттік университетінде проректор болып жұмыс істеген.

Молдашев Қайырғали Молдашұлы (1921-1997) – Орда ауданының Жиекқұм ауылында дүниеге келген. 1950 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген. 1956 жылы облыстық мәдениет басқармасының бастығы, ал 1965 жылдан бастап 1975 жылға дейін Орал қаласының халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары. 1978 жылдан бастап 1982 жылға дейін Орал қаласының халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. ”Германияны жеңіп алған үшін”, ”В.И.Лениннің туғанына 100 жылдығына орай, ерен еңбек үшін”, ”Тың жерлерін игергені үшін” медальдарімен марапатталған.
Мырзағалиева Марина Мұхамедқызы – 1924 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген. ”Метрострой” қызметкері, Орал өңірінде Совет үкіметі үшін белсенді күрескен Мұхамед-Кафи- Мырзағалиевтың қызы. М.М.Мырзағалиеваның еңбегі үшін мына наградалар берілген: «Озат еңбегі үшін» медалі, халық шаруашылығын дамытуда алған жетістіктері үшін ВДНХ қола медальдары, «КСРО халықтық бақылау органдарында белсенді жұмыс үшін» белгі, «Құрметті көлік құрылысшысы» атағы.
Мустафин Кубей – 1895 жылы Орда ауданының Сайқын ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Азамат соғысы кезінде 25 Чапаев дивизиясының бірінші үлгілі кавалериялық казак полкінің сапында болған. 1927 жылға дейін кеңестік шаруашылықтарды құрумен айналысқан, қатардағы шаруа.
Нәбиуллин Жанғали - 1936 жылы 13 желтоқсанда Жаңақала ауданының «Жемісті» ауылында (қазіргі Бөкейорда ауданы) дүниеге келген. Жемісті ауылының бастауыш мектебінде, Ұялы жетіжылдық мектебінде, С.М.Киров атындағы орта мектепте оқып, Фурманов орта мектебін бітірген. 1960 жылы Орал педагогикалық институтын аяқтап, жоғары білім алған. Журналист Нәбиуллин Жанғали 43 жыл бойы аудандық, облыстық және республикалық баспаларда жемісті еңбек еткен. Қазақстан жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болып қызмет етті. Алғашқы шығармалары «Жасдәурен» жинағына еніп, «Жазушы» баспасында басып шығарылған. 70-тен астам кітаптардың авторы. Әдеби шығармалары: «Ақ жаңбыр» (1967 ж.), «Таныс әуендер» (1968 ж.), «Ақ сөйле, жүрегім!» (1969 ж.), «Орда-қаһармандар қаласы» (1972 ж.), «Қасқағым» (1983 ж.), «Әнші жылдар» (1986 ж.), «Жоғары кернеу» (1989 ж.), «Жетінші перне» (1-том, 2001 ж.), «Жетінші перне» (2-том, 2001 ж.), «Жетінші перне» (3-том, 2003 ж.), «Жетінші перне» (4-том, 2003 ж.), «Жетінші перне» (5-том, 2005 ж.). Үздік шығармалары «Қазақ кеңес поэзиясының антологиясына» кірген. 1969 жылдан КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президентінің мақтау грамотасымен марапатталды. 2006 жылдың «Қыран» атағының иегері.
Нафигов Рафик Измаилович (1935-2001) - академик, Қазан университетінің профессоры. 1935 жылғы 15 шілдеде Орал қаласында қызметкер отбасында дүниеге келген. А.С.Пушкин атындағы Орал педогогикалық институтының түлегі Нафигов Рафик Измаилович ғылымда және жоғары білім беру жүйесінде өте жемісті еңбек етті. Барлық ғылыми және оқытушылық қызметі Қазан мемлекеттік университетімен байланысты болды. 1951 жылдан бастап оқытушы болып қызмет етті, 1951-54 жылдары университеттің аспирантурасында оқып, 1954 жылы кандидаттық, ал 1964 жылы докторлық диссертацияны қорғады. 1966 жылы Нафигов Рафик Измаилович профессор атағын алып, 1978 жылы Татарстанның, ал 1989 жылы Ресейдің еңбегі сіңген ғылым қайраткері деген құрметті атағына ие болды. 1992 жылы Татарстан Ғылым академиясының тарихшылардың ішінде ең тұңғыш академигі болып сайланды.
Рафик Измаилович Нафигов жастармен көп жұмыстанған. Ол кісі 50 ғылым кандидаты мен 10 докторды дайындап шықты. 300-ден астам публикациялар мен дәрістер басып шығарған.
Оның тарих ғылымына сіңірген орасан зор еңбегі өте жоғары атақтармен, үкіметтік наградалармен бағаланды. Бірақ, ең бастысы – ғылыми қоғамдастықтың және көптеген шәкірттерінің берген бағасы болды.
Рахметова Ғарифа Мәжитқызы (1922-2001) – 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Азғыр ауылдық кеңесінде дүниеге келген (қазіргі Атырау облысы). Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. 1938 жылдан 1942 жылға дейін комсомол қатарында, 1943 жылдан бастап Кеңес Одағының коммунистік партиясының мүшесі. Бүкілодақтық Лениншіл комсомол жастар одағының орталық комитетінің шақыруымен өз еркімен соғысқа аттанған. Мәскеу қаласындағы радиомамандар әскери мектебін аяқтаған. Калинин, Солтүстік-Батыс, Брянск, Прибалтика, 1-ші Беларусь майдандарына қатысқан. 1946 жылдан бастап комсомол, партия және шаруашылық жұмыстарында басшылық қызмет атқарған. «Ұлы Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендерінің және бірнеше медальдің иегері.
Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы – көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик. 1947 жылы шілденің 25-сінде Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. 1965 жылы Жамбыл қаласының Абай атындағы педагогикалық училищесін үздік аяқтап, еңбек жолын Үш-Арал орта мектебінде бастауыш сыныптың мұғалімі болып бастады. 1971 жылы С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының КСРО тарих кафедрасына оқытушылыққа жолдама алған (қазіргі уақытта М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті). Т.З.Рысбеков Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының проблемалары, ұлт-азаттық қозғалыстар, білім беруді дамыту бойынша еңбектерді жазды. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде 8 монография мен оқу құралдарының авторы ретінде «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы жетекші ғалым және оқытушылардың тізімі» қорының деректемесіне арнайы енгізілген. Тұяқбай Зейітұлы - гуманитарлық ғылымдар Академиясының (1995 ж.), ҚР әлеуметтік ғылымдар академиясының (1996 ж.), Балтика педагогикалық академиясының (1996 ж.), Әлеуметтік және педагогикалық ғылымдар академиясының (Мәскеу-1997 ж.), Жоғары мектеп ғылымдарының халықаралық академиясының (1997 ж) академигі, Петров академиясының (2003 г.), Ақпараттандыру академиясының (2005 ж.), Қазақстанның жоғары мектеп академиясының (2006 ж.), Халықаралық Еуропалық академиясының (2007 ж.) корреспондент-мүшесі, Халықаралық Еуропалық қозғалысы саяси кеңесінің (2004 ж.), ҚР ҒБМ ректорлар Кеңесінің (2005 ж.), Еуропалық ЖОО ректорлары Клубының (2006 ж.) мүшесі, «Қазақстанның жоғары мектеп Хабаршысы» (1996 ж.) және «Ақиқат» журналдарының лауреаты (1997 ж.). ҚР ЖОО-ның Бірлестігінің тағайындауымен «Үздік автор» атағының иегері (2004 ж.). Білім беру министрлігінің құрмет грамоталарымен, «Еңбек ардагері»(1987 ж.), Ыбырай Алтынсарин (1992 ж.), А.Байтұрсынов (2004 ж., 2007 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «SPI Алтын белгі» (Париж-2005 г.), «Еуропалық интеграцияның дамуына қосқан жеке үлесі үшін» (Оскфорд-2006 ж.), «ҚР ғылымын дамытудағы үлесі үшін» (2004 ж.), «Бірлескен Еуропа» (Оксфорд-2006 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.) медальдарімен, «ҚР білім үздігі» төстік белгісімен (1995 ж.), «РФ ақпараттық қоғамын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2005 ж.) орденімен, «Ұлттық экономиканың көшбасшысы-2006» Құрмет белгісімен (Мәскеу), ҚР мемлекеттік «Парасат» орденімен (2006 ж.) марапатталды. «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» (1996 ж.), «Орал қаласының Құрметті азаматы», (1998 ж.), халықаралық «Жыл кәсіби маманы» (Ұлыбритания – 2007 ж.) атағына, «ҚР спортының құрметті қайраткері» (2007 ж.), «ҚР білімінің құрметті қызметкері» (2007 ж.) атақтарына ие.

Сатаев Зекеш Сатайұлы - 1926 жылы 15 қыркүйекте Қаратөбе ауданының №3 ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1942 жылы Ұлы Отан соғысы жүріп жатырған кезде бастады. Он алты жасар бозбала Оралдың жетіжылдық мектебін бітіріп, Ленинград қаласынан көшіріп әкелінген 231-зауытқа токарь болып жұмысқа кірісті. Мамандығын тез меңгеріп алтыншы разрядты токарь атанды. 1947 жылы ауысым мастері, соңынан механикалық жинау цехы бастығының орынбасары, 1957 жылы цех бастығы болып тағайындалды. Жұмыстан қол үзбей жүріп Алматы индустриалдық техникумының металды өңдеу мамандығы бойынша бітіріп шықты. Зекеш Сатайұлы еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің сапасын жақсарту, еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша бірнеше құрылғылар дайындады. 1963 жылы Орал механикалық зауытының директоры болып тағайындалып, осы жерден зейнеткерлікке кетті. Халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты, қалалық және облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі болды. Зейнеткерлікке шыққан соң Зекеш Сатайұлы бірнеше жыл қатарынан соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық Кеңесінде қызмет жасады. Зекеш Сатайұлының еңбек жолында бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталды:

  • екі “Құрмет Белгісі” орденімен;
  • “Еңбек Қызыл Ту” орденімен;
  • “Октябрь Революциясы” орденімен;
  • “Халықтар Достығы” орденімен;
  • 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін” медалімен.

2001 жылы Орал қаласының металл өңдеу өнеркәсібін, қаланың инфрақұрылымын, ауыл шаруашылығын механикаландыруды дамытуға қосқан зор үлесі үшін “Орал қаласының Құрметті азаматы” атағын алды.

Сафин Хамза Абдрахманович – 1925 жылы 22 қыркүйекте Орал қаласында дүниеге келген. 1941 жылдан бастап Орал қой жүнінен жасалатын тон зауытында слесарь, от көсеуші, зауыттың электр станциясының машинисті болып жұмыс істеген. 1942 жылдың желтоқсан айында 17 жасында комсомолдың шақыртуымен жаяу әскер училищесінің курсанты болды, 1943 жылы мамыр айында оңтүстік-батыс майданына жіберілді, кейін екінші Прибалтика мен үшінші Белорусь майданында соғысқан. 1946 жылы ақпан айында жаралануына және мүгедектігіне байланысты әскер қатарынан босатылған. 1949 жылы құрылыс техникумын, кейін әр түрлі жылдары КСРО сәулет және құрылыс академиясының жоғары инженерлік курстарын бітірген, В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының кадрларды көтеру факультетін бітірген. Прорабтан бастап құрылыс трестінің басқарушысы болып жұмыс істеген. Тың жерді игеру жылдары Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқарамысының күрделі құрылыс басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Қала және облыстың құрылыс индустрия базасын әзірленуіне және құрылуына, Орал қаласының құрылыс инфрақұрылының негізгі нысаналарының алғашқы құрылыстарына қатысты. Облыстық атқару комитеті төрағасының көмекшісі болып 10 жылдың ішінде ірі әлеуметтік нысаналар құрылысы сұрақтарына жетекшілік еткен. 1992 жылдың қаңтар айынан бастап “Қазақстан Республикасы алдында ерен еңбегі үшін” зейнеткерлікке шыққан, 16 жыл бойы облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы болып жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан үшін және белсенді еңбек еткен үшін,қоғамдық қайраткер болған үшін “1 және 2 дәрежедегі Отан соғысы” ордені, ”Қызыл Ту” ордені, ”Құрмет белгісі”, ”Ерлік үшін” медалі және 20 басқа да медальдармен марапатталған. 1967 жылы “Қазақ ҮСР еңбегі сіңген құрылысшы” құрмет атағы берілді.

Сейітов Сағынғали Сейітұлы – 1917 жылы Орал облысы, Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Абай атындағы қазақ педогогикалық институтын тіл және әдебиет факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысының ардагері. КСРО ғылым академиясының қазақ бөлімшесінде ғылыми қызметкер, Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінде нұсқаушы, Қазақ мемлекеттік саяси-әдебиет баспасында директор, Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыстар жасаған. «Қызыл Жұлдыз» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Семенов Петр Никифорович – 1903 жылы дүниеге келген.1920 жылы РКЖО қатарына кірген. Комсомолға кірген сәттен бастап революциялық Орал уезіндегі комсомол тобын басқара отырып, жұмысқа белсенді кірісті. 1921 жылы қазан айында Қызыл Армия қатарына өз еркімен кіріп, тонаушылармен күресу бойынша ЕТБ отрядының әскері болған. П.Н.Семенов БЛКЖО 8 съезінің және Қазақстан Компартиясының 1 съезінің делегаты болған, ол жерде орталық комитет құрамына сайланған. 1923 жылы Губерниялық комитет комсомолының тапсырмасы бойынша Орал қаласында бірінші пионерлер отрядын құрған. 1924 жылы губбюроның төрағасы болып тағайындалған. Соғыс басталысымен майданға аттанған. 1983 жылы оған “Орал қаласының құрмет азаматы” атағы берілді.

Сүйіншәлиев Ханғали Жұмашұлы 1918 жылы 5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының бұрынғы Тайпақ ауданында дүниеге келген. 1944 жылдан Кеңестер Одағының Коммунистік Партиясының мүшесі. Ұлы Отан соғысының ардагері. Мәскеу қаласын жаудан ерлікпен қорғаған. 1942 жылдан бастап республикамыздың педогогикалық жоғарғы оқу орындарында оқытушылық жұмысын бастады. Сүйіншәлиев Ханғали Жұмашұлы – көрнекті ғалым, әдебиетші, білгір ұстаз, профессор. Оның есімі мен еңбектері республикамызға жақсы танымал. Қызыл Жұлдыз орденімен, І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Чесноков Николай Григорьевич - атақты журналист, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник, жиырмадан астам наградалар иегері. Ол 1925 жылы 31 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Орал педагогикалық институтында оқыған. Журналист, ”Орал өңірі” облыстық газетінің бас редакторы, облыстық телерадиокомпаниясында жұмыс істеген. Николай Григорьевич Чесноков - Орал өңірі тарихына арналған көптеген өлкетану жұмыстарының авторы. Олар жергілікті және республикалық басылымдарда жарияланған, атап айтқанда: ”Орал қаласына 350 жыл”, ”Русь өлкесінде”, ”Көшелер тарихты шертеді”, ”Мен жақсы қабылдандым”, ”Жүз жылдық купол”, ”Жаза, аштық”, ”Өмірдің ұйқасу прозасы”. Николай Григорьевич – халықаралық премияның лауреаты, қаланың тарихын зерделеуге және насихаттауға әдеби-шығармашылық, діни-патриоттық қызметіне үлкен интеллектуалдық үлес қосқаны үшін “Орал қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.
Мемлекеттік рәміздер
ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы
Жаңа онжылдық –
Жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері

толығырақ
 
Кезекте
тұрғандар тізімдері
тұрғын-үйге    жерге
балабақшаға
Ұлттық банктің ресми валюталық бағамдары

USD—147.39 
EUR—195.20 
RUB—4.77 
Телефондар

сенiм    анықтамалық
Тарифтер

коммуналдық қызметтерге
 Ауа райы


Орал -1 °C